- БІЗ ТУРАЛЫ
- Балабақша ұжымы
- ТОПТАР
- Каррекциялық
- БАСТЫ
- БІЗ ТУРАЛЫ
- Балабақша ақпараты
- Балабақша ұжымы
- Құжаттар
- ЖАҢАЛЫҚТАР
- ТОПТАР
- МИНИ ЦЕНТР
- БІЛІМ БЕРУ
- АТА-АНАЛАРҒА
- БАЙЛАНЫС
Қайырлы күн құрметті ата-аналар!
Нұр–Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны № 8 «Думан» балабақшасының парақшасына қош келдіңіздер.
Мен Дюсембина Зайтуна Ризадиновна осы балабақшаның меңгерушісі болып жұмыс атқарамын. Балабақша 1986 жылдан бастап жұмыс жасап келеді.
Қазіргі уақытта 17 топ жұмыс жасайды.
8 топ қазақ тілінде, 8 топ орыс тілінде және ақыл-ой функциясының бұзылған (ЗПР) 1 коррекциялық тобы бар. Олармен жоғары білікті мамандар: дефектолог, логопед, педагог-психолог және тәрбиешілер жұмыс жасайды. Ақыл-ой функциясының бұзылған (ЗПР) балаларымен тиімді жұмыс істеу үшін қажетті заманауи және тиісті жабдықтармен жабдықталған.
Балабақшада:
Сондай-ақ, балабақша қарамағында «Алтын Ғасыр» шағын орталығы жұмыс істейді, онда 6 топ бар. 3 қазақ және 3 орыс тілінде оқытылады.
Шағын орталық күндізгі сағат 8.30-дан 13.00-ге дейін және екінші ауысым 13.00-ден 17.00-ге дейін екі ауысымда жұмыс істейді. Оқытуды мектепке дейінгі дайындыққа арналған кәсіби мұғалімдер жүзеге асырады. Оқу 4 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға тегін.
Қазіргі уақытта балабақша кезекші топтар режимінде жұмыс істейді.
Ақжарқын және ынтымағы жарасқан ұжым, балалардың жан-жақты дамуына, денсаулығын нығайтуға барлық жағдайлар жасалған. Балалар мектепте ойдағыдай оқуы үшін қажетті құзыреттіліктерді қалыптастырады.
Біздің мұғалімдер өз жұмыстарында жаңа технологияларды қолданып қана қоймай, өздерінің әдістемелік ұсынымдары мен бағдарламаларын да сәтті жасайды.
Балабақшаның міндеті - мектеп жасына дейінгі балалардың табысты, креативті ойлау, әлеуметтік бейімделген тұлға ретінде қалыптастыру.
Біздің балабақшаның тәрбиеленушілері бірнеше рет онлайн-қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, жеңімпаздар үздік орын бас жүлде мен I, II, III дәрежелі дипломдар мен медальдармен марапатталған.
Біздің тәрбиеленушілер мейірімді, жанашыр адамдар болып өскенін қалаймыз. Өз Отанын сүйіп, балабақшаға махаббатпен келулеріне ат салысамыз.
Отан Отбасынан басталады. Отбасындағы тәрбие - оқу үрдісінде маңызы зор.
Сондықтан, құрметті ата-аналар, сіздердің ұсыныстарыңыз бен ұсынымдарыңыз біздің балабақшаның парақшасынан көруге қуаныштымыз. Біз кез-келген сұрақтарыңызға жауап беруге және Сізбен тығыз жұмыс істеуге дайынбыз.
ГККП "Ясли - сад № 8 "Думан" акимата города Нур-Султан
Адрес: г.Нур-Султан, Б. МАЙЛИНА, 3/1
Телефон: 35-70-56