Контактный телефон: 35-70-56 Email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

demo

Комментарии   

#2 Zhibek 08.09.2020 06:09
Нұр-Сұлтан қаласы, №8 "Думан" бала-бақшасына қарасты "Алтын ғасыр" мини орталығының ұжымына және "Ақ қайың" тобының жетекшісі, мейірімді тәрбиеші, ұлағатты ұстаз Роза Бекназарқызына балаларымның атынан шексіз алғыс білдіріп, рахмет айтамыз!
Сіздерге, өмірде шаттық, отбасыларынызға бақыт, енбектеріңізге береке тілейміз!!!
Роза Бекназарқызы, ұжымда арқашан осындай ұлағатты кейпіңізде, әлі де талай кішкентай бүлдіршіндерді қуантып, Ата-аналардың құрметіне бөленіп жүре берініз!!!
Цитировать
#1 Ана 10.10.2019 11:23
Нұр-Сұлтан қаласы, МКҚК № 8 «Думан» балабақшаcының меңгерушісі Дүйсенбина Зәйтуна Ризадиновнаға
«Бота » тобының ата-аналары атынан Пернебекова Айжан Пернебекқызы алғыс айтады.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген халық даналығын негізгі ұстанымына айналдырған мекеме басшыларының бірі де бірегейі осы Зәйтуна Ризадинқызы деп ойлаймын. Себебі, менің ұлым Нарұлан осы мемлекеттік балабақшаның табалдырығын аттаған 2,5 жылдың ішінде мен балабақша меңгерушісін үнемі жұмыс орынында қызу еңбек үстінде көремін.
Бірде топтарды аралап балалардың көңіл-күйін сұрап, ата-аналармен пікір алмасып жүргенін көрсем, енді бірде балабақшаның ішкі-сыртқы жұмыстарының басы-қасында жүргенін байқаймын.
Осындай көріністерден кейін бала тәрбиесі үшін еңбек етіп жүрген әрбір ұстаздың еңбегі ерен екенін ұғынамын. Мәселен, біздің «Бота» тобымыздың тәрбиешісі, ұлағатты ұстазымыз Әсия Қаленқызы қалалық «Үздік педагог-2019» байқауының бас жүлдесіне ие болды. Осы байқауға қатысатын балалардың ата-аналары дайындық барысында Зәйтуна Ризадинқызын жақыннан тани білдік. Ол кісінің өзін барлық ортада білікті маман ретінде көрсете білетіні, мінезінің кеңдігі бізді тәнті етті. Әсия Қаленқызының байқауда абыройлы өнер көрсетуіне үлкен қолдау білдіріп, көп еңбек еткенін көзімізбен көрдік. Кейін осы байқауға балаларын дайындап атсалысқан ата-аналарды да назардан тыс қалдырмай, арнайы Алғыс хаттармен марапаттады. Мұның өзі басшының көпті көрген тәжірибелі ұстаз, көреген маман екенін білдіреді.
Нарұлан көптеген байқауларға қатысып, жүлдегер атанып жатыр. Кеше ғана Қызылорда қаласында өткен республикалық «Ұлылардың ұлысы-Абай» байқауында ұлым Төлеген Нарұлан Ерланбекұлы жүлделі 1 орынды жеңіп алды. Соның барлығында да біз балабақша меңгерушісінің қолдауын сезініп отырамыз. Сондықтан да біз ата-аналар Зәйтуна Ризадинқызы мен «Думан» балабақшасының ұжымы ерекше алғыс айтамыз. Отбасыларына амандық, еңбектеріне жеміс тілейміз!
Цитировать

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

ОСТАВИТЬ ОТЗЫВ

Контакты

ГККП "Ясли - сад № 8 "Думан" акимата города Нур-Султан
Адрес: г.Нур-Султан, Б. МАЙЛИНА, 3/1

Телефон: 35-70-56

Карта проезда